Алғашқы минуттардан-ақ дәліздерде бүгін мұнда жай ғана ойын емес, идеялар, эмоциялар мен студенттік энергия тоғысатын кеңістік қалыптасып жатқанын сезінуге болатын еді.
Бұл жоба Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы қолдауымен және Қазақстан КВН Одағы серіктестігі аясында жүзеге асырылып, белсенді әрі дарынды жастардың басын қосатын маңызды алаңға айналды. Алайда бұл күн тек жоба аясындағы кезекті ойын емес, әр команда өз тарихын сахнада жеткізетін үлкен шығармашылық алаң болды. Әрбір өнер көрсету тек әзілдер жиынтығы емес, заманауи студент жастарының құндылықтарын интеллектуалдық көшбасшылықты, креативтілікті және командалық бірлікті айқын көрсетті.
Ойынға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен өңірлерінен келген 17 команда қатысты: «Қара бері» (КазНУ), «Ақ патшам» (ЖенПУ), «Белгі» (КазНУ), «Аристократ» (КазНУ), «Абай болайық» (Abai University), «Отан сүйгіштер» (Шекара академиясы), «Шерхан» (Тараз қ.), «Саяхат» (Q University), «Кербез» (КазНУ), «ҚыздарMAN» (ALT University), «Агромикс» (КазНАРУ), «Тұран» (Тұран университеті), «Интеллект» (ALT University), «Нархоз» (Нархоз университеті), «Доминант» (КазНУ), «Ақсай» (құрама команда), «Гарвард» (КазАСТ).
«Қара бері» (КазНУ)
«Ақ патшам» (ЖенПУ)
«Белгі» (КазНУ)
«Абай болайық» (Abai University)
«Отан сүйгіштер» (Шекара академиясы)
«Шерхан» (Тараз қ.)
«Кербез» (КазНУ)
«ҚыздарMAN» (ALT University)
«Тұран» (Тұран университеті)
«Нархоз» (Нархоз университеті)
«Доминант» (КазНУ)
«Гарвард» (КазАСТ)
Аталған командалардың әрқайсысы студенттік шығармашылықтың біріктіруші күшке ие екенін, өзін-өзі таныту мен көшбасшылық қасиеттерді дамытудың тиімді құралы екенін дәлелдеді. «STUDENT LIFE ALMATY» лигасы бұл тек әзіл алаңы ғана емес, ойлау, командада жұмыс істеу және жауапкершілік алу мәдениеті. Осындай жобалар арқылы болашаққа әсер ете алатын белсенді, бастамашыл әрі мақсатшыл жаңа буын қалыптасады.










