Аталған байқау ТМД елдері мен әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының студенттерін біріктіріп, саяси бұқаралық коммуникациялар, саяси және халықаралық талдау салаларындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған.
Байқауға Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Беларусь мемлекеттік университеті, сондай-ақ Қырғызстан, Түркия, Молдова және Румыния университеттерінің студенттері қатысты. Бұл өз кезегінде жоғары деңгейдегі бәсекелестік пен халықаралық академиялық ортаның қалыптасуына ықпал етті.
— Исмурзина Амира Галимжанқызы (4 курс, «Халықаралық қатынастар» ББ)
— Қазақбай Мархабат Нұрболатқызы (4 курс, «Саяси бұқаралық коммуникациялар» ББ)
— Кадырбаева Мадина Алматқызы (3 курс, «Халықаралық қатынастар» ББ)
— Рысбаева Инабат Қайратқызы (4 курс, «Саяси бұқаралық коммуникациялар» ББ)
Ғылыми жетекші — Ивашов Арслан Аманбайұлы, Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің қауымдастырылған профессоры, «Саяси бұқаралық коммуникациялар» білім беру бағдарламасының жетекшісі.
Іріктеу нәтижесінде университет командасы жартылай финалға өтіп, жоғары дайындық деңгейін, аналитикалық қабілеттерін және халықаралық академиялық кеңістікте бәсекеге қабілеттілігін көрсетті. Байқау барысында қатысушылар аналитикалық кейстерді шешіп, пікірсайыстарға қатысып, «Pro et contra» және «Дәйектілік зертханасы» секілді сайыстарда стратегиялық ойлау, дәлелдеу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсетті. PolitPrPro байқауына қатысу студенттердің тәжірибеге бағытталған құзыреттерін дамытуға және университеттің халықаралық академиялық беделін нығайтуға ықпал етеді.




