«Нархоз» Университетінің 3-курс студенті Нугуманов Арсен 2026 жылғы 26 наурызда Ташкент қаласында (Өзбекстан) өткен CAU CTF 2026 (Capture the Flag) халықаралық киберқауіпсіздік жарысына қатысты.

Іс-шара Central Asian University базасында Cisco Networking Academy-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Аталған жарыс әртүрлі елдер мен жетекші университеттердің қатысушыларын біріктіріп, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы практикалық дағдыларды көрсетуге арналған аймақтағы ең ірі алаңдардың бірі болды. Қатысушылар Web Exploitation, Cryptography, Reverse Engineering, Network Security және Digital Forensics бағыттары бойынша тапсырмалар орындады.

DD0ST4R командасының құрамында өнер көрсеткен Нугуманов Арсен жоғары дайындық деңгейін, кәсібилігін және тиімді командалық жұмысты көрсетіп, халықаралық қатысушылар арасында 1 орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша команда 60 000 000 өзбек сомы көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Команда менторы — «Нархоз» Университетінің және цифрлық технологиялар мектебінің түлегі Шохзод Рахматов.

Автор - Университет Нархоз
Опубликованно - 01.04.2026
Последние новости
4 мая 2026 года в Университете Нархоз прошел урок мужества «Ұрпақтар сабақтастығы», приуроченный к Дню защитника Отечества и Дню Победы
4 мая 2026 года в Университете Нархоз прошел урок мужества «Ұрпақтар сабақтастығы», приуроченный к Дню защитника Отечества и Дню Победы.
В Университете Нархоз пройдет программная аккредитация НАОКО: визит Внешней экспертной группы
В Университете Нархоз пройдет программная аккредитация НАОКО: визит Внешней экспертной группы
«Миграция: международное измерение и особенности Центральной Азии»
Миграция: международное измерение и особенности Центральной Азии
Narxoz открывает новые горизонты для студенческих стартапов: участие в форуме «ALMATY CREATIVITY STEP 2026»
Narxoz открывает новые горизонты для студенческих стартапов: участие в форуме «ALMATY CREATIVITY STEP 2026»