Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі сараптамалық баяндама: әлеуметтік саясатты жетілдіруге қосқан үлес

2026 жылғы 30 наурызда Нархоз университетінің Гендерлік экономика зерттеулер орталығының директоры Майгүл Нұғманова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен «Қазақстан Республикасында алименттік міндеттемелерді орындау тетігін жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстелде баяндама жасады.

Баяндама балаларға көрсетілетін ақысыз күтімнің экономикалық құнын бағалауға және осы факторды алимент мөлшерін айқындау кезінде ескеру қажеттілігіне арналды. Баяндамада күтімнің экономикалық құнын алименттік міндеттемелерді есептеу жүйесіне енгізу бала күтімін жүзеге асыратын ата-ананың үлесін неғұрлым толық ескеруге және жүйенің әділдігін арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қатысты.

Парламент алаңындағы бұл іс-шараға қатысу зерттеу күн тәртібінің өзектілігін және оның Қазақстандағы әлеуметтік саясатты жетілдірудегі практикалық маңыздылығын айқындайды.

Автор - Университет Нархоз
Опубликованно - 13.04.2026
Последние новости
4 мая 2026 года в Университете Нархоз прошел урок мужества «Ұрпақтар сабақтастығы», приуроченный к Дню защитника Отечества и Дню Победы
4 мая 2026 года в Университете Нархоз прошел урок мужества «Ұрпақтар сабақтастығы», приуроченный к Дню защитника Отечества и Дню Победы.
В Университете Нархоз пройдет программная аккредитация НАОКО: визит Внешней экспертной группы
В Университете Нархоз пройдет программная аккредитация НАОКО: визит Внешней экспертной группы
«Миграция: международное измерение и особенности Центральной Азии»
Миграция: международное измерение и особенности Центральной Азии
Narxoz открывает новые горизонты для студенческих стартапов: участие в форуме «ALMATY CREATIVITY STEP 2026»
Narxoz открывает новые горизонты для студенческих стартапов: участие в форуме «ALMATY CREATIVITY STEP 2026»